«Менің отбасым – өнерлі отбасы» облыстық байқауы өтті.
Отбасы – мемлекеттің негізгі діңгегі. Сол отбасының тыныштығы, әрбір отбасы мүшесінің басты ұстанымы.
Ал, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданы әкімінің қолдауымен сол отбасының өнегелі құндылықтарын жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру, отбасылық ансамбльдердің шығармашылығын шыңдау, оларға қолдау көрсету, репертуар таңдауда бағыт – бағдар беріп, өнерін насихаттау мақсатында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және Төле Әлібекұлының 360 жылдығына орай облыстық «Менің отбасым – өнерлі отбасы» байқауы өтті.
Байқауға облысымыздағы барлық аудандардан қатысуға 10 отбасылық ансамбль өтінім беріп, көрермен назарына әр отбасы 20 минуттан астпайтын концерттік бағдарлама ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар мен арнайы жүлделермен барлық қатысушы үміткерлер марапатталды.
БАС ЖҮЛДЕ – «Жалбиевтар» отбасылық ансамблі (Төлеби ауданы)
І – ОРЫН – «Мұрагер» отбасылық ансамблі (Түркістан қаласы)
ІІ – ОРЫН – «Байбақовтар» отбасылық ансамблі (Жетісай ауданы)
ІІ – ОРЫН – «АSA — BAI» отбасылық ансамблі (Созақ ауданы)
ІІІ – ОРЫН – «Ибрагимовтар» отбасылық ансамблі (Сайрам ауданы)
ІІІ – ОРЫН – «Әбуовтер» отбасылық ансамблі (Отырар ауданы)
ІІІ – ОРЫН – «Қамбаровтар» отбасылық ансамблі (Бәйдібек ауданы)
Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының арнайы жүлдесі – «Алтын жұлдыз» отбасылық ансамблі (Келес ауданы)
Төлеби ауданы әкімінің арнайы жүлдесі – «Омаровтар» отбасылық ансамблі (Шардара)
Төлеби аудандық мәдеениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесі – «Әлібековтер» отбасылық ансамблі (Сауран ауданы).