Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында баламалы энергия көздерінің қажеттілігі бұрынғыдан да арта түскені айқын байқалып отыр. Оған климаттың өзгеруі, экологияның нашарлауы және энергияның тапшылығына қатысты статистикалық мәліметтер дәлел.
Осы орайда біз Мемлекет басшысы мақұлдаған атом электр станциясын салу туралы бастама аса маңызды екенін түсінуіміз керек. Аталған жобаның негізгі артықшылықтарының бірі көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту және көмірге тәуелділікті төмендету екені сөзсіз.
Сондықтан жұртымыз үшін аса батыл шешімді қабылдай отырып дүниенің көшінде ілгері кеткен қуатты елдерден қалыспауымыз қажет. Біз де өз өнеркәсібімізді дамыта түсу арқылы еліміздің экономикасының қуатты болуына өз үлесімізді қосайық !

*Оразалиев Кемелхан — «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері» ҚБ төрағасы*