Аудан орталығындағы «Тау» дәмханасында аудан әкімі атынан, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған әлеуметтік статусқа ие және білімімен дараланған балалар мен әр түрлі байқаулардың жеңімпаздарына арналған Жаңа жылдық шырша өтті.
Шырша жанына жиналған балаларды аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
— Еліміздің ертең болар Сендер азат, тәуелсіз елдің ұланысыңдар. Отанымыз жылдан жылға өркендеп келе жатыр. Қазір дүниежүзі Қазақ елін құрметтейді. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Ата-аналарыңды қуантыңдар, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар! Барлығың жақсы оқып, спорттық жетістіктерге жете беріңдер дегім келеді. Бұған елімізде барлық мүмкіндік жасалған. Аудан аумағындағы барлық игілікті істер сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалуда. Аудандағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы басталды, деді құттықтау сөзінде Сержан Дауылбайұлы.
Жаңажылдық шыршаға 60 бала қатысты. Балаларға аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері мен балабақша бүлдіршіндері мен өнерімен өрге шыққан балалардың қатысуымен арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Балалар өз кезегінде шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті.
Мерекелік ойын-сауық бағдарламасынан кейін әр бала аудан әкімі атынан сыйлықтарға ие болып, арнайы дайындалған торттан дәм татты.