Түркістан облысының әкімі Дархан
Сатыбалды Ленгір қаласындағы «Жарқын өмір және тең қоғам» мекемесінің ашылу рәсіміне қатысып, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, психолохиялық қолдау бағытында кеңес беріледі. Массаж, його орталығы, емдік спорттық дене шынықтыру, көңіл сергіту шаралары қарастырылған. Бұған қоса, зейнеткерлердің тынығып, демалып, рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып, тыныс жолдарын ашу үшін тұз шахтасының кабинеті де жасақталған.
Орталықта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер мен ұсыныстар берілетін болады. Сондай-ақ ардагерлердің шахмат ойнап, өзара пікір алмасуына арнайы бөлмелер бөлінеді. Зағип жандар, жалпы мүгедектігі бар қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығының мақсаты – мүгедектігі бар тұрғындардың белсенділігін арттыру.
Осы орталықтың жанында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Мейірім» орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды. Бұл орталық 3 пен 15 жас аралығындағы церебралды паралич, яғни сезімталдығы мен түйсіну қабілеті, сонымен қатар, қимылдау жүйесі бұзылған, интеллектуалды дамуында ақауы бар, Даун синдромымен ауыратын балаларға арналған.
Мұнда түзету және дамыту, психологиялық-педагогикалық көмек, массаж, физиотерапия кабинеті, әлеуметтік және еңбекке оңалту, музыка, өнер және ойын-сауықтыру қызметтері бар. Аса қатты көңіл бөлуді қажет ететін балаларға психолог, невропатолог, логопед, педиатр, дефектолог және басқа да мамандар жан-жақты көмек көрсетеді. Әр баланы оңалту мен дамытуға арналған жеке даму жолы әзірленеді.
Орталық жұмысымен танысып шыққан облыс әкімі өңірдегі ерекше балаларға барлық жағдай жасалатынын және осындай орталықтардың өзге де аймақтарда салынуын қолдайтынын айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———-
В ТОЛЕБИ ОТКРЫЛСЯ ЦЕНТР ДЛЯ ВЕТЕРАНОВ И ЛЮДЕЙ С ОСОБЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ
Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды принял участие в церемонии открытия учреждения «Жарқын өмір және тең қоғам» в городе Ленгер, где ознакомился с работой центра для ветеранов и граждан с ограниченными возможностями. В центре будет оказана необходимая Социально-правовая помощь людям с ограниченными возможностями и консультирована по направлению психолохической поддержки. Предусмотрены массаж, центр йоги, лечебная спортивная физкультура, развлекательные мероприятия. Кроме того, для того, чтобы пенсионеры могли отдохнуть, организовать духовно-познавательные мероприятия, открыть дыхательные пути, оборудован кабинет соляной шахты.
В центре будут даны консультации и рекомендации по трудоустройству гражданам с особыми потребностями. Также будут выделены специальные комнаты для ветеранов, где можно играть в шахматы. Цель современного центра для незрячих людей, членов общества с общей инвалидностью – повышение активности населения с инвалидностью.
Рядом с этим центром в ближайшие дни начнет работу Центр «Мейірім» для детей с особыми потребностями. Этот центр предназначен для детей в возрасте от 3 до 18 лет с церебральным параличом, то есть повышенной чувствительностью и способностью к осязанию, а также с нарушениями двигательной системы, дефектами интеллектуального развития, синдромом Дауна.
Здесь есть коррекционно-развивающая, психолого-педагогическая помощь, массаж, физиотерапевтический кабинет, социальная и трудовая реабилитация, музыкальные, художественные и развлекательные услуги. Всестороннюю помощь детям, нуждающимся в повышенном внимании, оказывают психолог, невропатолог, логопед, педиатр, дефектолог и другие специалисты. Разрабатывается индивидуальный путь развития для реабилитации и развития каждого ребенка.
Ознакомившись с работой центра, аким области отметил, что в регионе созданы все условия для особых детей и поддерживает строительство таких центров в других регионах.
Пресс-служба акима Туркестанской области