Бүгін, Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округінің халқы сайлауға қатысып, өз әкімдерін таңдауда. Сайлау таңғы сағат жетіден басталып, округ халқы жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болуда.

Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі болғандықтан, саяси науқанда тұрғындар белсенділік танытуда. Округ халқы мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай қызмет ететін кандидатты таңдау арқылы алдағы төрт жылдағы елді мекендердің әлеуметтік — экономикалық дамуына таңдау жасайтындарын айтып, сайлау учаскелеріне ағылуда.

Айта кетерлігі, Зертас ауылдық округінде 2 елді мекен, 2 сайлау учаскесі, 2878 сайлаушысы бар.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі