Төлеби ауданы әкімі Төлеген Телғараевтың 29.12.2023 жылғы №444 өкімімен Дәулет Тұралыұлы Жұмалі «Төлеби ауданы әкімі аппараты» заң бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Дәулет Тұралыұлы 1994 жылы 23 тамызда Төлеби ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Ленгер қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебін, 2016 жылы Сулейман Демирель атындағы қазақ-түрік университетін экономика және бизнес мамандығы, 2018 жылы Шымкент университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.
Алғашқы еңбек жолын «Шұғыла» Қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының менеджері болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында «Төлеби аудандық мәслихат аппаратының» бас маман-заңгері, 2020-2023 жылдары аралығында «Төлеби ауданы әкімі аппараты» заң бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, аудандық, облыстық және республикалық түрлі жарыстардың жеңімпазы атанған. 2018 жылы «Төлеби ауданы ойындары» спорттың шахмат түрінен 1-ші орын иегері, 2019 жылы Төлеби ауданы әкімінің Алғыс хаты, 2021 жылы «Қазақстан халқы тілдері» күні аясында үш тілді еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен жастар арасында өткен облыстық «Тіл шебері» байқауының 3-ші орын иегері, 2021 жылы аудандық «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясының жеңімпазы, 2022 жылы Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы, 2 ұлы бар.
Бөлім басшысын аудан активіне аудан әкімі Төлеген Телғараев таныстырып, қызметімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.