Биылғы жылы көктемде республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Науқан өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар бес аптаға созылды. Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалады.
20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылды жəне ағаштар бұталып, əктелді.
«Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасты. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.
«Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.
Төлеби ауданында аталмыш іс-шара «Төлеби – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтті. Игі бастама аясында қазақстандықтарға татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар да қоса жүрді.
Бұл акцияға Төлеби ауданында қатыспаған бірде бір мекеме қалмады. Барлық ұжым бір кісідей атсалысып, туған жердің таза әрі көрікті болуына атсалысты.
