Төлеби ауданындағы соңғы ардагеріміз өмірден өтті.
Төлеби ауданы Ленгір қаласының тұрғыны Ұлы Отан Соғысының ардагері Жұмағұлов Рысмет ата 104 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағұлов Рысмет атамыздың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ертең 2023 жылы 18 желтоқсан күні сағат 15.00-де жаназасы өз шаңырағында. Ленгір қаласы, Саулембаев көшесі, 64 үй.