ТАЗАЛЫҚ — ИМАННАН
Төлеби ауданындағы орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен ерекше шара өтті. Ауданға қарасты барлық мешіттің 40 тазалықшысы қонақ ретінде шақырылып, дастархан басында бас қосты. Оларға демеуші азамат тарапынан сыйақы берілді.
Ауданның бас имамы Үсен Саурбаев қонақтарға мешітке қызмет көрсетудің сауабы, сондай-ақ «Тазалық — иманнан», «Тазалық — иманның жартысы» тақырыптар аясында уағыз-насихаттар айтып, осындай игі бастамаға демеушілік танытып, қолдау білдірген жомарт жан Есалы Тұрысбекұлы мен «SAFA MARUA» қайырымдылық қоры ұжымына алғыс білдірді.
Мешіт жан мен тән тазалығы, рухани тазару үшін келген жамағат үшін де мешіт тазалығының берер пайдасы орасан зор.
