Естеріңізде болса, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Мөлдір бұлақ» апталығында су айдындарының аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазаланды. Осы ретте Төлеби ауданының барлық ауылдық округі өз аумағындағы өзен, арық-атыздар, каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Міне, содан бері Төлеби ауданындағы Бадам, Балдыберек, Сайрамсу, Ленгерка өзендері мен ауылшаруашылығына арналған каналдар мен арықтардың басым бөлігі тазаланды. Өзендер бойына тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында канал бойындағы арық-атыздар қоқыс-қалдықтардан тазартылып, ретсіз өскен шөптер орылды.
Жалпыаудандық сенбілікке ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер атсалысты. Аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, аудан азаматтары барша аудан тұрғындарын экоакцияда белсенді болуға шақырады.
