Бүгін Төлеби аудандық соты 2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылау және алдағы жұмыс барысында аудан журналистерімен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді.
Төлеби аудандық сотының жуырда тағайындалған төрағасы Ғ.Д.Байарыстан кіріспе сөзінде өзін және қызметтік жолын қысқаша таныстырып, аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты мәліметпен танысты.
Ол сот жұмысындағы жаңалықтары мен өзгерістерін, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін бұқараға жеткізу мен насихаттауда БАҚ өкілдері рөлінің маңызды екенін жеткізді.
Ғ.Байарыстан баспасөз мәслихатында сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы сандық және сапалық көрсеткіштері туралы баяндады.
Атап айтқанда, Төлеби аудандық сотында 2023 жылдың 12 айында 89 (105) тұлғаға қатысты 76 (85) қылмыстық іс түсіп, 14 (9) тұлғаға қатысты 14 (9) қылмыстық іс 2022 жылдан ағымдағы жылға қалдық ретінде өтіп, жалпы сот өндірісінде 90 (94) қылмыстық іс болған. Барлығы 102 (94) тұлғаға қатысты 82 (94) қылмыстық іс аяқталып, 87 (55) тұлғаға қатысты 68 (49) қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған. 7 (16) тұлғаға қатысты 7 (16) қылмыстық іс қысқартылған, 1 (10) қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылған /қысқартылған/. 8 (4) жекеше қаулы шығарылған. 2024 жылға 7 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс қалдық ретінде өткен.
2023 жылдың 12 айында сотқа түскен қылмыстық істердің саны 2022 жылдың 12 айына салыстырғанда 4 іске азайған, аяқталған істер саны 3 іске артқан.
Үкім шығарылған істердің саны өткен жылмен салыстырғанда 19 үкімге көбейген, қысқартылған істердің саны да алдыңғы жылмен салыстырғанда 9 іске азайған.
Азаматтық істер бойынша 2023 жылдың 12 айында сотқа жалпы 1522 арыз (талап арыз), 2022 жылы 1453 түскен, 116 іс 2022 жылдан қалдық ретінде өткен. Жалпы 1294 іс аяқталып, 772 шешім шығарылған. Сырттай шешім шығарылмаған, 217 сот бұйрығы шығарылған, 97 талап арыз қараусыз қалдырылған, 206 арыз қайтарылған, 180 тарап арыз қысқартылған, оның ішінде: татуластыру рәсімдері бойынша 103 іс аяқталған. (103 іс медиация тәртібімен). Яғни, жалпы 2021 жылдың 12 айында барлығы 1294 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде: талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралған 1008 азаматтық іс. Бұл жалпы қаралған азаматтық істердің 77,8 пайызын құрайды. Демек, 22,2 пайыз арыздар татуластыру рәсімімен аяқталуға жатпайтын істер (бұйрықтық, заңды маңызы бар фактіні анықтау т/б).
Осы талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралған 1008 азаматтық істің ішінен 103 іс (10,2%) татуластыру рәсімімен аяқталған.
2024 жылға 116 іс қалдық ретінде өткен. Аталған мерзім ішінде 6 жекеше ұйғарым шығарылған.
2023 жылдың 12 айында сотқа түскен арыздардың (талап арыз) саны 2022 жылдың 12 айына қарағанда 69 арызға артқан, шешім шығарылған істердің саны 260 іске артқан, қараусыз қалдырылған істер саны 14 іске артқан, қысқартылған істердің саны 25 іске артқан, яғни,57 істен, қайтарылған арыздар саны 2022 жылдың 12 айында 376 болса 2023 жылдың 12 айында 206 арыз, яғни 170 арызға кеміген.
Әкімшілік істер бойынша сотқа 2023 жылдың 12 айында 9 талап қою түскен. (2022 жылы 13 талап қою) 4 талап қоюға азайған .Оның ішінде 8 талап қою кері қайтарылған.1 талап қою бойынша шешім шығарылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа 2023 жылдың 12 айында сотқа жалпы 1036 әкімшілік іс түскен, (2022 жылың 12 айында 594 іс түскен) жалпы 1014 іс аяқталған, (2022 жылы 584 іс аяқталған) 802 адамға әкімшілік жаза қолданылған ( 2022 жылы 467 адамға әкімшілік жаза қолданылған) 2023 жылдың 12 айында — (ескерту-36, айыппұл- 419, әкімшілік қамау- 298, көлік жүргізу құқығынан айыру-41), 209 әкімшілік іс қысқартылған. Оның ішінде: 90 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылған. Аталған мерзім ішінде 28 жекеше қаулы шығарылған. 2024 жылға 18 іс қалдық ретінде өткен.
2023 жылдың 12 айында сотқа түскен істердің саны 2022 жылдың 12 айына салыстырғанда 442 іске, аяқталған істердің саны 430 іске артқан.
Өткен жыл соттағы болып жатқан жаңалықтарды, заңдарға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды, татуластыру рәсімдерін халыққа жеткізу және түсіндіру бойынша судьялар мен сот қызметкерлері БАҚ-пен жұмыс атқару барысында газет беттеріне 20 мақала жариялаған, 5 дөңгелек үстел өткізген, интернет порталдарында 22 ақпарат жариялаған.
​Іс-шара соңында Ғ.Д.Байарыстан БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізе беретінін жеткізді.