ЕҢБЕК АДАМЫ — СЕРГЕЙ

Мельников Сергей Александрович 24.01.1959 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1988 жылы «Ленгір коммуналдық мекемесінде» сантехник болып бастаған. 1990 жылы Ленгір заводында қазандық операторы, 1995 жылдан «Вест ЛТД» ЖШС-да сылақшы, 2008 жылдан Ленгір қалалық ауруханасында қазандық операторы, 2020 жылдан осы күнге дейін «Жарық жол» мекемесінде жол жұмысшысы қызметін атқарып келеді.
С.Мельников жұмысына адал және тиянақты, ұжым арасында сыйлы азамат.
1. — Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, ол — өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек. Өкінішке қарай, бізде еңбек адамдарын осы жағынан бағалау жетіспейді. Бізде кімнің тамыр-танысы көп, соның жолы болғыш. Кім пысық болады, соның жағдайы жақсы. Ал турасын айтсақ, еңбек адамы деген тек қана диханды, шопанды ғана білдірмейді. Еңбек адамы деген кез келген салада болу керек.
2. — Бүгінгі таңда театрда еңбек адамын жеткілікті түрде көрсетіп отырмыз деп айта алмаймын. Президент театр қайраткерлерімен кездескенде де, театр туралы әңгіме қозғалғанда да, «бүгінгі заманды көрсететін, бүгінгі заманның жақсы жақтарын насихаттайтын шығармалар сахнада көрінсе» дегенді үнемі айтып отырады. Өкінішке қарай, Елбасының бұл тапсырмасын толығымен жүзеге асырдық деп айта алмаймыз. Еңбек адамының кім екенін түсіну жағы жетіспейді. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Екіншіден, бүгінгі заманда таза, маңдай терімен тер төгіп, шынайы еңбек етіп жүрген адамдардың еңбегі шынайы бағаланбағандықтан, оны сахнада көрсету ойдағыдай болып жатыр деп ойламаймын. Бізде қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Шет елдік жазушылардың шығармаларын аударуға кірісіп кеттік. Бүгінгі заман тынысын көрсету — дарматургтердің тарапынан да біраз кеш қалып жатыр. Бірақ оның ең басты себебі, театрларымыз бүгінгі заманның жақсы жағын, өзекті жағын көрсетуге, оны көркем шығарма арқылы көрсетуге онша құлықты емес. Бізде де сол арзан күлкі, жеңіл-желпі дүниелер, ортаңқол шығармалар көбейіп барады. Салиқалы, жақсы шығармалар жоқ. Мемлекеттің тарапынан нақты бір саясат болу керек. «Мынандай шығармалар бізге қажет» деген нақты әңгімелер болу керек. Ондай әңгіме әзір көрінбей тұр.