Төлеби ауданында көше бойларын ретке келтіру, көркейту, абаттандыру, көшет егіп, көгалды аймақ көлемін ұлғайту бойынша жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, көше бойларына шөптер орылып, арнайы орындарға гүл көшеттерін көшет егілуде. Бұған қоса, аудан аумағында бағаналар сырланып, қураған ағаштардың бұталары қырқылды. Арық-атыздар, ирригациялық жүйелер тазалануда.

Жалпы, ауданда ескі ғимараттар сүріліп, көшеге қараған ғимараттардың қас беттері боялып, әрленуде. Қираған шарбақтар ауыстырылып, құрылыс қалдықтары шығарылып, аялдамалар ретке келтірілуде. Кәсіпкерлік нысан ғимараттары реттеліп, баннерлер мен көрнекі құралдар ауыстырылды. Мемлекеттік әлеуметтік ғимараттар алаңына реттеліп, гүл, ағаш көшеттері егілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі