Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлік машықтандыру, робототехника және бағдарламалау білімін дамыту, робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық «Жастар лигасы» атты роботтехника және авиациялық техникадан байқауы өтті.
Байқауға жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 8-9 сынып оқушылары арасынан 17 өтінім түсіп, 10 команда облысымыздың аудан, қалаларынан қатысып жатыр.
Байқауға қатысуышлар 3 кезең бойынша Arduino роботтарды құрастырып оларға бағдарлама енгізді. Және Arduino жиынтығымен құрастарылған машина мен кедергілерден өтіп, машинаны басқару арқылы сынға түсті. Оқушылар робот стандартты алгоритмдер мен бағдарламалық шешімдерді орындай алды.
«Біз осындай білікті жастардың қабілетін шыңдап қана қоймай, жаңа идея тууына жәрдемдесеміз. Қазіргі сіздердің жасап отырған заман ағымына ілескен жұмыстарыңыз таңғалдырып отыр. Ауылда жатып-ақ құрылғыны ойлап тапқан болашақ ғалымдардың еңбектеріңіз зор»,- деді Пердебек Сержанұлы
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
”ARDUOUS MASTERS” командасы — 500 000тг (Төлеби ауданы)
”TURKISTAN ROBO PRIME” командасы — 300 000тг (Кентау қаласы)
”ROBO BRAND” командасы — 200 000тг (Бәйдібек ауданы)
Қатысушы барша командалар ынталандыру 70 000 тг қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!