АЭС салу бойынша елімізде референдум өтеді дегелі бері бұл тақырып бойынша халық арасында талқылаулар, түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Мемлекет басшысы да халыққа атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажеттілігін тапсырған болатын.
АЭС құрылысы – Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба.
Атом электр станциясы салына ма жоқ па деген сауал қазір күн тәртібінде тұрған мәселе болып тұр. Соңғы шешімді референдумда халық қабылдайтын болады. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз, 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді.
Даурбаев Кахар — «Ант» Ауған соғысының ардагерлері ҚБ төрағасы.