Аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және №1қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен халықаралық Отбасы күніне орай «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» атты тақырыпта сыр сұхбат өтті.
Іс-шараға профессор, халықаралық марапаттардың иегері, Мәдениет саласының үздігі, суретші Б.А.Талқанбаев, суретшінің жары Пернегүл Талқанбаева, аудандық «Төлеби туы» газеті бас редакторының орынбасары О.Сүттібаев, аудандық АХАТ бөлімінің бас маманы Ә.Тіниева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Рысбаева, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және №8 колледжінің студенттері қатысты.
Осы шарада жас отбасыға АХАТ бөлімінің бас маманы Ә.Тіниева неке куәлігін және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Рысбаева сыйлық табыстады.
Бақтыбай ата бата беріп, Пернекүл ана «Үбірлі-шүбірлі болыңдар»,—ақ жаулық жапты.
Жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыға бақыт тілейміз. Ақ некелері мәңгілік болсын.
