Орталық Азия Инновациялық университетінің 4 курс студенті Абдықадыр Қоқай ел мақтанышы. Ол өзі бала күнінен армандаған денешынықтыру және спорт саласы бойынша білім алады. Кәсіпқой спортшының жаттықтырушылары Оралбеков Ильяс, Шуақов Мейірбек және Естанов Мұрат.
Төлеби ауданының тумасы, 2000 жылы туылған Абдықадыр Қоқай 5 жасынан бастап спортты жанына серік еткен. Бастауыш сыныпта бокстан аудандық, облыстық жарыстардың чемпионы атанды. Тараз, Астана, Қарағанды қаласында өткен республикалық жарыстардан 1 орын алып, Қазақстан чемпионы атанды. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келгеннен кейін де спортты тастамады. Бокстан, аралас жекпе жектен спорт шебері. Аралас Жекпе-жек, джиу-джитсу, ММА спорт түрлерінен кәсіби түрде айналысып, кәсіпқой спорт шебері атанды. Кәсіпқой мансабында 4 жеңіс, 1 жеңіліс тапты. Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінде Қазақстан намысын қорғап, шеберлігін шыңдап келді.
Абдықадыр Қоқайдың рингтегі өнерін ютуб арнасынан тамашалай аласыздар.
