Қазақстанда туып, ғұмыр кешкен неміс отбасы осыдан 20 жыл бұрын Германияға көшіп кеткен болатын. Десе де осы таңға дейін қазақ тілін, қазақтың салт-дәстүрін ұмытпай келе жатқан олар Қазақстанды қатты сағынады екен. Тіпті күнаралатып ет асып, бешбармақ дайындап, бауырсақ пісіріп жейді екен. Қазақша әндер айтып, қазақ тіліндегі бағдарламаларды тамашалайды. Әлеуметтік желі арқылы қазақ бауырларға сәлем жолдаған олар “Біз найманбыз!” деп әзілдеді.
