Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қатысушыларына сертификат табысталды
Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2024 жылғы оқу жылының I кезеңі бойынша қазақ тілін оқыту тобындағы қатысушылар деңгейлік курсты бітіруіне байланысты сертификат табыстау рәсімі өтті.
Аталған іс-шара шымылдығын Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Баедилов Қанат Серікжанұлы ашып, жиналған қауымға білім алудың мән-маңызы туралы айтып өтті.
Биыл қазақ тілі курсының оқу бағдарламасын 64 тіл үйренуші тәмамдап, оның 20 – ҚАРАПАЙЫМ (А1), 44 – ОРТА (В1) деңгейлі сертификаттарға ие болды.
Іс-шара барысында Қанат Серікжанұлы курсқа белсенділікпен қатысқан қатысушыларға деңгейлік сертификатты табыстады.
Қорытынды сөзді курс қатысушылары жалғап, Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұжымына тұрақты әрі тығыз іскерлік қатынас үшін ерекше ықыластарын білдірді. Мекемеміз өңіріміздегі барлық сала мамандарын, соның ішінде өзге ұлт қызметкерлерінің тілдік білімін молайту мақсатында тегін даярлайтын бірден-бір оқу орталығы болып табылады. Осы орайда біздің орталықта тіл мерейін асқақтатуға арналған ауқымды бірлескен іс-шаралар өткізіліп отырады.
