✅Аудандағы қоғам белсенділері Мәмбетқұлов Сыдық және Таширов Абжаппар референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Зертас елді мекенінде орналасқан Қ.Мамытов атындағы мектептің ұстаздарымен кездесті.

🛑Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүріп жатыр, бұл жағдайда электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатындығы хақ. Ал атомдық станция жел мен күн станцияларына қарағанда тиімді екендігі айтылуда. Оның үстіне электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сол себепті атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жолы болып тұр – деді А.Таширов.

⚜️Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады яғни, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады – деді С.Мәмбетқұлов.

📌Сонымен қатар қоғам белсенділері жиынға қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап беріп, еліміздің энергетикалық болашағы үшін АЭС салудың қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды.