Ленгір қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізуде жергілікті әкімдік қызметкерлері учаскелік полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша рейдтік ісшаралар жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.
Өз кезегінде әкімдік қызметкерлерімен тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
Құрметті Ленгір қаласының тұрғындары бұл рейдтік ісшара күнделікті жалғасатын болады, өздеріңізге тиесілі аумақтарыңызда күл қоқыс, құрылыс заттары, кесілген ағаш бұталары, орылған шөп қалдықтары және т.б. қоқыстар шашылып жатқан жағдайда хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығын ескертеміз.