ХАНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

✅ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сұлтанқұлов Ермек Самидинұлы Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді.

↪️ Ермек Самидинұлы құрылысы мердігер мекеме салғырттығынан тоқтап қалып, қайта қолға алынған Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекеніндегі «Балдыберек» өзені арқылы өтетін көпірдің бүгінгі жағдайымен танысты.

↪️ Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлымен бірге қазіргі кезде көпір құрылысын жүргізіп отырған мердігер мекеме, техникалық қадағалаушы, жобалаушы мекеме өкілдерімен кездесті. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын көпірде бүгінгі күні жаяу жүргіншілерге арналған қоршау орнату, айналасына асфальт төсеу жұмыстары қалған. Мердігер мекеме басшысы аталған жұмыстарды он күнтізбелік күнде аяқтап, құжаттарын реттеп ел игілігіне ұсынатынын айтты. Аудандық әкімдік тарапынан көпір бойына жыл соңына дейін түнгі жарық шамдары орнатылады.

✅ Мердігерлер тарапынан міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты құрылыс мерзімі кешіктірілген обьектілер департамент бақылауында екенін түсіндірген Ермек Самидинұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұзақ мерзімді құрылыс объектілерін сүйемелдеуге ерекше назар аударып отырғанын айтты. Құрылыс жұмыстарының сапасына назар аудара отырып көпірді пайдалануға беру қажеттігі ескерілді.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі