Төлеби ауданы бойынша:
— 5874 жеке кәсіпкер;
— 3226 шаруа қожалықтар;
— 1048 заңды тұлғалар
оның ішінде:
— 738 коммерциялық
— 310 коммерциялық емес.
Түркістан облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-кеңес беру қызметтері» құралы бойынша қаржылық емес қолдау шаралары ұйымдастырылады. Атап айтқанда:
Алғашқысы: «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы. Бұл бойынша кәсіпкерлер үшін келесідей қызмет түрлері тегін түрде көрсетіледі:
— бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
— заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;
— қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
— бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 1245 кәсіпкерге консультациялық және сервистік қызмет көрсетілді.
Құқықтық сала бойынша: 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің әр түрлі мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер мен шұғыл жиындар өткізіліп 10 хаттама толтырылды.
8 кәсіпкерден арыз өтініштер түсіп оң шешімін тапты./ТОО «Темірші», ТОО «Фудмастер», ТОО «Балмұздақ» т.б
Жобаларды сүйемелдеу: 211 бизнес жоба әзірленді, 198 кәсіпкердің соммасы 955 млн. Құрайтын қаржыландыруға ықпал жасалды.
Екіншісі: «Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету» құралы. Бұл құрал өңіріміздің барлық аудан орталықтарында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақысыз көрсетіледі. Негізгі қызметтеріне:
— мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру;
— құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 1584-тен астам қызмет түрлері көрсетілді.
«Ауыл аманаты» жобасы
2023 жылдың 19 сәуірден бастап бұл жоба жүзеге аса бастады.Төлеби ауданы бойынша алғашқы 2 округ қамтылды. Олар:Көксаек, Киелітас. Күз айларында тағы екі округ қосылды. Олар Қаратөбе, Бірінші мамыр.
Облысқа осы жоба бойынша 19,7 млрд. Қарастырылған.
Төлеби ауданына 1 млрд 118 млн қарастырылған, 198 жоба мақұлданған.
Негізгі бағыттыр:
1. Киелітас -сүтты бағыт;
2. Көксаек-мал басын бордақылау (жылқы, МІҚ, ұсақ мал)
3. Бірінші мамыр, Қаратөбе – мал басын көбейту
6 бағыт бойынша: 6 жоба 43 млн тенге қаржыландырылды. Стомотология , термопонель, көмір брикеты, жиһаз, пластик терезе.
2024 жылы 13 млрд қарастырылғанымен әлі басталған жоқ.
Маржан МУСАЕВА.
