2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімді тұстарын атап өтіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оны жүзеге асыруды тапсырды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады.
2024 жылдың басынан бері «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізілуде. Төлеби ауданында Қаратөбе, Қасқасу, ауылдық округтерінде бұл бағытта сауаттылық курстары өткізілді. Қазіргі кезде, Көксәйек ауылдық округінде несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өтуде.
Курсқа қатысушылар несиеге қатысты сала мамандарынан кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуда.