АЭС салу мәселесі бойынша «Достық» базарындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Аудандағы қоғам белсенділері Ленгір қаласындағы «Достық» базарындағы кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров, Асар» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Г.Розмет, «Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернатының» қызметкері К.Бакибаев, Жыланбұзған мектебінің физика пәні мұғалімі, эксперт-маман С.Юнусов қатысты.
Д.Омаров: бізде АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес, дегенмен соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбейіп келеді. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелетінін айтып жатқанын тілге тиек етті.
«АЭС салуға өз басым қарсы емеспін. АЭС жайлы қоғамда әртүрлі пікір бар. Бо¬ла¬шақта электр қуаты қымбатқа түседі деп жатыр. Сондықтан Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын уақыт кел¬ді деп ойлаймын. АЭС салынса, біздің ауылда халыққа да жұмыс табылады»-деді өз сөзінде Жыланбұзған мектебінің физика пәні мұғалімі, эксперт-маман С.Юнусов.
«Достық» базарындағы кәсіпкерлер аталған тақырыпта сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.