Қазақстан бүгінгі таңда ел басқарудың жаңа моделіне қадам басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты – Жаңа Қазақстанның саяси құрылымын айқындайтын маңызды бағыт.
Күшті Президент – бұл билікті жеке иелену емес, елдегі тұрақтылықты, мемлекеттің мызғымас тұтастығын қамтамасыз ететін әділ әрі жауапты көшбасшы. Президент саяси тепе-теңдікті ұстап, стратегиялық шешімдер қабылдайды, бірақ ол бүкіл билікті өз қолына шоғырландырмайды. Керісінше, өз өкілеттігін заң аясында нақты шектеп, Парламент пен Үкіметтің дербестігін арттыруға мүмкіндік Парламент – халықтың сенім мандатын иеленген заң шығарушы орган. Соңғы реформалардан кейін Парламенттің құрамы жаңарып, дербестігі артты. Енді Мәжіліс пен Сенаттың құқығы кеңейді, Үкіметті бекіту мен бақылау тетіктері күшейтілді.
Парламент халықтың шынайы үніне айналуға тиіс. Ол Үкіметтің жұмысын тексеріп, бюджет пен заң жобаларын жан-жақты талдап, әділетті шешім қабылдайтын орын болуы шарт. Сондықтан да ықпалды Парламент – демократиялық қоғамның тірегі.
Үкімет – елдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін орган. Халықтың әл-ауқаты, инфрақұрылым, білім мен денсаулық, баға мен жұмыс – бәрі осы атқарушы билікке байланысты. Есеп беретін Үкімет дегеніміз – халық пен Парламент алдында ашық, әділ, жауапты жұмыс жасайтын билік жүйесі.
Қазір Үкіметке қойылатын талап күшейді: әр министр, әр әкім өзінің атқарған жұмысы үшін нақты жауап беруі керек. Жұмыс нәтижесі мен тиімділігі – сөзбен емес, іспен бағаланады.
Бұл қағидат – саяси жүйедегі теңдік пен сенімнің формуласы.
• Күшті Президент – мемлекеттің тірегі.
• Ықпалды Парламент – халықтың дауысы.
• Есеп беретін Үкімет – халықтың қызметшісі.
Бұл құрылым бір адамның емес, бүкіл қоғамның пікіріне сүйеніп, әділетке, тиімділікке және ашықтыққа негізделген жаңа басқару мәдениетін қалыптастырады.
Қазақстан бүгінде бір адамның шешіміне ғана емес, институттар күшіне сүйенетін елге айналуда. Бұл – әділеттілікке бастайтын жол.
Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет – бұл халық мүддесі жолындағы теңгерімді билік жүйесі.
Осы жолмен жүру – біздің елді өркендетудің, ертеңгі болашаққа сеніммен қадам басудың кепілі.