Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде Түркістан қаласына тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп, Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бүгін Түркістанға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Үнзила Шапақ, Абзал Құспан және Нұрсұлтан Байтілесов пен жауапты министрлік өкілдері арнайы келді. Халық қалаулыларын облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, бұл заңның маңызы туралы пікір алмасты.

– Түркістанның тарихи орны айрықша ғой. Келешекте Түркі елдеріне ортақ іс-шаралардың бәрін осында өткізуді жоспарлап отырмыз. Соған сай әрі дайын болуымыз керек. Мемлекет басшысының қолдауымен тарихи шаһарды дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса қалаға ерекше мәртебе беру туралы Заң жобасы әзірленді. Бұл бастама қаламыздың дамуына тың серпін береді деп ойлаймын. Қаланың өзіндік сәулет үлгісін сақтай отырып, ескерткіштерін қорғап, тарихи шаһар ретінде дамытуымыз қажет. Түркістанға келетін туристер қазақтың тарихынан, салт-дәстүрінен, мәдениетінен мағлұмат алып, танысатындай болуы тиіс. Оларға біздің ұлттық ерекшелігіміз, тарихымыз қызықтырақ. Аталған заң жобасы осы бағыттағы жұмысты жүйелеуге мүмкіндік береді, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ Түркістанның тарихи орнын айшықтайтын Заң жобасы маңызды әрі керек құжат екенін айтты.

– Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу және қабылдау мәселесін Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ерекше бақылауға алып, жұмыс тобын құрды. Тиісті тапсырмалар берді. Бұл Заң жобасын ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынды. Бір айта кетерлігі, бұл – Үкімет тарапынан қазақ тілінде әзірленіп, ұсынылған алғашқы Заң жобасы. Осында тарихи мәні бар. Екіншіден, бұл Заң жобасын әзірлеуге халық та тікелей атсалысып, өз ұсыныстарын білдіруде. Сол пікірлерді тыңдап, Заң жобасына енгіздік. Ескерткіштерді қорғау, қаланы дамыту сынды бастамалар көрініс тауып отыр, – деді Үнзила Шапақ.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан: «Дәстүрге негізделген Заң өміршең болады. Менің ойымша, Түркістанның мәртебесі туралы Заң жобасы қысқа болса да, тарихи маңызы жоғары болады. Біздің өңірге келу мақсатымыз – Түркістан тұрғындарының, зиялы қауым өкілдерінің ойларын, пікірлерін тыңдау, ұсыныстарын білу. Заңды бекітерде осы ұсыныстар ескеріледі. Тұрғындардың тұрмыс сапасы, мәдениеті, білімі көтеріліп, Түркістан заманауи әрі бәсекеге қабілетті шаһарлар қатарынан орын алады деген сенімдемін» деді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов те өз пікірін айтты. Қос тарап халықпен кездесу өткізіп, жұмысты бірлесе, атқаруға уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

——————

ОБСУДИЛИ ХОД РАЗРАБОТКИ ЗАКОНОПРОЕКТА ОБ ОСОБОМ СТАТУСЕ ТУРКЕСТАНА

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на встрече с общественностью Туркестанской области поднял вопрос о присвоении городу Туркестану статуса исторической и духовной столицы. В этом направлении была проведена работа, внесен на рассмотрение Мажилиса Парламента законопроект о придании Туркестану особого статуса духовно-культурного и исторического центра.

Сегодня Туркестан посетили депутаты Мажилиса Парламента РК Унзила Шапак, Абзал Куспан, Нурсултан Байтилесов и представители ответственного министерства. Народных избранников принял аким области Дархан Сатыбалды.
«Туркестан является уникальным историческим местом. В перспективе мы планируем проводить здесь общие для тюркских стран мероприятия. Мы должны быть последовательны и готовы к этому. При поддержке Главы государства ведется работа по развитию нашего исторического города. Кроме того, разработан законопроект о присвоении Туркестану особого статуса. Думаю, эта инициатива придаст новый импульс его развитию. Нужно защищать памятники, сохранять архитектурный образец, развивать Туркестан как исторический город. Туристы, приезжающие сюда, должны узнавать историю, традиции, культуру казахского народа. Им интересна наша национальная самобытность, история. Законопроект позволит систематизировать работу в данном направлении», — сказал аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды.

Депутат Мажилиса Унзила Шапак отметила, что законопроект, отражающий историческое место Туркестана, является важным и необходимым документом.

«Вопрос разработки и принятия законопроекта об особом статусе Туркестана был поставлен на особый контроль председателем Мажилиса Парламента Ерланом Кошановым и заместителем Премьер-министра Тамарой Дуйсеновой. Они дали соответствующие поручения. Данный законопроект был внесен Министерством национальной экономики. Это первый законопроект, разработанный и представленный правительством на казахском языке. В этом есть историческое значение. Во-вторых, в разработке законопроекта непосредственно участвует и население, высказывая свои предложения. Мнения граждан выслушаны и учтены при разработке законопроекта. В частности, в этом году будут реализованы такие инициативы, как охрана памятников, развитие города», — сказала депутат.

Мажилисмен Абзал Куспан отметил, что «закон, основанный на традициях, будет жизнеспособным».

«Несмотря на то, что законопроект «О статусе Туркестана» короткий, нно имеет большое историческое значение. Цель нашего приезда в регион — услышать мысли, мнения и предложения жителей Туркестана, представителей интеллигенции. Эти предложения учитываются на законных основаниях. Я уверен, что качество жизни, культура, образование жителей повысятся, и Туркестан станет одним из самых современных и конкурентоспособных городов».
Свое мнение высказал и депутат Мажилиса Нурсултан Байтилесов.

Обе стороны договорились провести встречу с населением и продолжить совместную работу в этом направлении.

Пресс-служба акима Туркестанской области