Саяси науқан өз мәресіне жетіп, халық өз таңдауын жасады. Бұл сайлау – еліміздің саяси даму тарихындағы маңызды белестердің бірі болғаны сөзсіз. Дауыс беру нәтижесі қабылданған әрбір шешімнің ел ертеңі үшін қаншалықты маңызы бар екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Азаматтардың сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын беруі – саяси жауапкершіліктің жоғары деңгейін айғақтайды. Тұрғындардың белсенділігі мен қоғамдағы ашық пікір алмасу процесі елдегі демократиялық үрдістердің нығайып келе жатқанын дәлелдеді. Жергілікті және халықаралық бақылаушылардың, байқаушылар мен комиссия мүшелерінің жүйелі жұмысы шараның заңды әрі ашық өтуін қамтамасыз етті.
Сайлаудан кейінгі бұл кезең – елдегі оң өзгерістерге, жаңа реформалар мен әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жол ашатын уақыт. Басты мақсат – халықтың сенімін ақтап, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ету. Ел бірлігі мен ортақ жауапкершілік бар жерде жаңа белестерді бағындыру әрдайым мүмкін.
Дина Хангельдиева,
“Төлеби таңы” газетінің редакторы.

Grayscale: ON