ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Бейбітшілік және келісім» жобасына сәйкес, этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерде ақпараттық-насихаттық және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында 24.09.2025 жылы Ленгір қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында жиналыс өтті.
Аталған іс-шарада «Елде ішкі тұрақтылықты сақтауда құқықтық, саяси және діни сауаттылықтың, зайырлылық принциптердің алатын орны және рөлі», «Ел бірлігі ең басты байлық», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптары бойынша сөз қозғалды.
Жиналысқа «Қоғамдық келісім» КММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Е.Айтжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Жунисбеков, аудандағы ҚХА жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, көше билері, орта буын өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Жиналыста бірінші болып сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамид Исақов аудан аумағында этносаралық татулықты сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша баяндама жасады.
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Асхат Дүйсен діни тұрақтылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат ағымдардан сақтану туралы айтып өтті.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі әскерге шақыру бөлімінің подполковнигі Даулет Бердиев әскерге шақыру, әскерге барған азаматтарға берілетін жеңілдіктер, әскери-патриоттық іс-шаралар туралы сөз қозғады.
Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі
