Төлеби ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және санитарлық тазалықты қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция жалғасуда. Акция аудандағы барлық ауыл округтерде өткізіліп жатыр. Бүгін аудандағы Диханкөл ауылында сенбілік жұмыстары өтті. Атқарылған жұмыстар аясында көше бойларындағы шөптер орылып, қоқыстардан тазартылды. Жалпы тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары мен еріктілерден құралған 30 адам қатысты.
Айта кетейік, бүгінде ауданда абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарының сапалы жүргізілуі де қатаң бақылауға алынған. Игі шара мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
____
В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ЭКОАКЦИЯ
В Толебийском районе продолжается республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан» по формированию экологической культуры и обеспечению санитарной чистоты. Акция проводится во всех сельских округах района. Сегодня в селе Диханколь прошли субботники. В рамках проделанной работы по улицам скошена трава, территория очищена от мусора. Всего в уборке приняли участие 30 человек из числа жителей района и волонтеров.
Стоит отметить, что сегодня на строгом контроле находится и качественное проведение работ по благоустройству, озеленению и уборке в районе. Благая акция не остановится на достигнутом и будет продолжена.