Бүгін аудандық білім бөлімінің ғимаратында білім саласы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров, Асар» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Г.Розмет, «Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернатының» қызметкері К.Бакибаев, Жыланбұзған мектебінің физика пәні мұғалімі, эксперт-маман С.Юнусов қатысты.
Кездесудің басты мақсаты тұрғындарды елімізде АЭС салу жөніндегі маңызды шешімге қатысатындықтарын ескертіп, олардың ой-пікірін білу. Сонымен қатар, атом энергетикасы және оның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығы туралы терең ақпарат беру.
Кездесу барысында эксперт-маман С.Юнусов атом электр станцияларының жұмыс істеу принциптері, заманауи қауіпсіздік технологиялары және олардың қоршаған ортаға әсері туралы, атом энергетикасының экономикалық пайдасы, соның ішінде тұрақты электр қуатын өндіру, жұмыс орындарын ашу және энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу туралы түсіндірілді.
Аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров өз сөзінде атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы екендігін айтып өтті.
Кездесуде білім саласы қызметкерлері толғандырған сауалдарын қойып, атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.