ЕЛ БАТЫРЛАРЫН ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ РУХЫН КӨТЕРУ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған тағылымды шараға пікір
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым – табиғатқа құрмет» жобасы – еліміздің патриоттық тәрбие беру саясатына нақты үлес қосып отырған тағылымды бастама. Осы игі шараның Түркістан өңірінен бастау алып, бірқатар аудандарда жүйелі жалғасуы – халқымыздың тарихи жадының терең, ал ұлттың рухани іргесі берік екенін аңғартады.
Батыр бабаларымыздың ерлігі – бүгінгі бейбіт өмірдің алтын діңгегі. Кеңес Одағының Батырлары мен Ауған соғысы жауынгерлерінің зираттарын тазартып, Құран бағыштау – өткенге құрмет, келешекке аманат. Мұндай бастама – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, тарихи сана қалыптастыратын өміршең үлгі. Бұл – өткеннің өнегесімен бүгінді көркейтіп, болашақты байыпты бағдарлаудың жарқын жолы.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы қолға алған бұл жоба азаматтық белсенділіктің, қоғамдық ынтымақтың және ұлттық рухтың көрінісі. Ерлік – ешқашан ұмытылмайды. Ел қорғаған ерлердің есімі елдің жадында мәңгі сақталуға тиіс. Сондықтан, мұндай шаралар бір реттік емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тұрақты дәстүрге айналуы тиіс деп санаймын.