Елімізде кезекті сайлау аяқталып, қоғамда болашаққа деген оң көзқарас пен жаңа үміт қалыптасуда. Бұл күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, мемлекеттің даму бағытын айқындауға өз үлесін қосты.
Сайлау барысы халықтың ынтымағы мен бірлігін тағы да танытты. Үлкен де, жас та белсенділік танытып, дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарады. Саяси науқанның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі – мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамның тығыз әрі тиімді байланысының нәтижесі.
Ендігі кезекте сайланған өкілдерге үлкен жауапкершілік артылады. Халық күткен оң өзгерістер, жаңа бастамалар мен нақты істер таяу арада өз жемісін береді деп сенеміз. Себебі ашық әрі әділ таңдау – әрқашан жарқын болашақтың негізі.
Дина Хангельдиева,
“Төлеби таңы” газетінің редакторы.
