Төле би ауданының Мәдени ауылында ерекше рухани кеш өтті. Ақын, полиция полковнигі Айболат Маймақовтың “Сақшылық өмір сабағы” атты шығармашылық кеші ауылдың ғана емес, тұтас өңірдің жүрегін тербетті.

Кешке Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан зиялы қауым өкілдері, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, детектив жанрының өкілі Қабыл Дүйсенбі, п.ғ.д., профессор Бекайдар Тойлыбаев, Шымкент полиция оқу орталығының басшысы Асылбек Алиев және өзге де танымал тұлғалар қатысып, кештің мәні мен мазмұнын байыта түсті. Әнші-сазгер Бағдат Алтайдың “Жеңіс күні” әні ерекше әсер сыйлады.

AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ АТЫНАН:
“Бүгінгі басқосу – ел үшін еңбек етіп, өлеңмен өрнек салған, қоғамға қызмет еткен азаматқа деген зор құрметтің белгісі. Полицей болу – адалдықтың, ақын болу – жүректің өлшемі. Осы екі биікті бір бойына тоғыстырған Айболат Тілеубайұлы – халқымыздың шынайы мақтанышы. Шабытыңыз сарқылмасын, ақын інім!”- деп сахна төрінде ақтарыла сөз сөйледім.

Мұндай кештер – өткенге тағзым, бүгінгі ұрпаққа өнеге. Айболат Тілеубайұлының шығармашылығы – ауыл рухының, азаматтықтың, ар-намыстың айғағы!