Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінің тумасы, табысты кәсіпкер, ағаш шебері Жамбыл Мәуленұлы Далбаевтың есімі «Қазақстанның Алтын кітабы» атты республикалық көлеміндегі кітапқа енді.
«Эдельвейс-Астана» баспа үйінің бастамасымен Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосып келе жатқан ел ағалары, айбынды да айбарлы, ел үшін жасаған игі істері алтын әріппен жазылатындай, атқарған еңбектері мол сом тұлғалы азаматтар жайлы шығарылған кітапқа есімі жазылған Жамбыл Далбаевты аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев құттықтады.

Қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, қолы жомарт жан қайырымдылық істерімен танылған Жамбыл Мәуленұлына Қазақстанның Алтын кітабы мен медалін табыс етті.
Айта кетерлігі, өзінің меценаттығымен танылған кәсіпкер Жамбыл Мәуленұлы
мешіт пен ардагерлер үйіне қажетті жиһазды тегін жасап, жеткізіп беруіп отырады. Бұған қоса, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық танытып келеді.
Жамбыл Мәуленұлы еткен еңбегіне байланысты үкімет, Қытай елінде болсын, қазақ жерінде болсын жергілікті әкімшілік, өзге де ұйымдар тарапынан Мақтау қағаздарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды.