АУДАНЫМЫЗДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН
ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН АТҚАРЫЛЫЛЫП ЖАТҚАН
ЖҰМЫСТАР ЖЕТЕРЛІК

2023 жылы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының бастамасымен және тікелей ұйымдастыруымен ауданымызда маңызды жобалар жүзеге асты.
Төлеби ауданында 2023 жылы 4699 партия мүшесін, ал 2024 жылы 1 тоқсанның қортындысымен 4730 біріктіретін, 14 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқаруда.
Партияішілік жұмыс:
Партияға қабылдау жоспарын орындау: 2023 жылға жоспар 30 адам болса, қабылданғаны 121 адам, ал 2024 жылдың 1 тоқсанына 28 адам қабылдау жоспарланса 68 адам қабылданды. Қайтыс болуын, көшіп кетуіне байланысты 36 адам партиядан шығарылды.
Партиялық жарна: 2023 жылға жоспар 14.941 млн. тг., орындалғаны 14,677 млн. тг. 98,2 %; 2024 жылдың 1 тоқсанынына жоспар 4.018 млн теңге болса, 4.395 млн теңге яғни 109 % орындалды.
БПҰ: — 14
Трансферттер: 2023 жылы 99,6% орындалды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 576 арыз-өтініш келіп түссе, оның 419 (72,7 %) – оң шешімін тауып, 157 -не (26,6%) заң аясында кеңестер берілді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасының орындалуы:Төлеби ауданы бойынша жол карта аясында 2023 жылы 50 тармақтың орындалуы жоспарланған, 2023 жылдың қорытындысымен 49 тармақ (98%) орындалған, 1 тармақ (2%) орындалмаған.
54.15-тармақ. 2023 жылы 2 мектепті пайдалануға беру жоспарланса, жыл қорытындысымен Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы 150 орындық Шомшақты жалпы орта мектебі пайдалануға беріліп, Төлеби ауданы, Тағайна ауылындағы 200 орындық мектептің құрылысы 70%-ға аяқталып, көрсеткіш толық орындалмады.
Депутаттық фракцияның жұмысы: Төлеби аудандық мәслихат депутаттарының саны – 13. Оның ішінде: «AMANAT» партиясының мүшесі – 13, фракция мүшесі – 12.
2023 жылдың қорытындысы бойынша, «АMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 6 отырысы өтіп, 5 мәселе қаралған. Сайлауалды бағдарламасы аясында Жол картасының орындалуы бойынша аудан әкімі, орынбасарларымен жауапты салалық бөлім басшыларының есептері тыңдалды. 2023 жыл соңына дейін 51 депутаттық сауал жолданды.

Партиялық жобалар:

Ауданда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске асыру бағытында 4 ауыл округінен жалпы 242 жоба тапсырылып, оның 193 жобасы мақұлданды. Жалпы қаржы алынғаны 193 жоба, құны
1 млрд. 124 млн. 20 мың тенге.
«Жер аманаты» 2023 жылы 5,3 мың га жайылымдық және 3,7 мың га нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жер телімдерін халықтың мұқтажына алу жоспарланып, бүгінгі таңда жоспар толық орындалды.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 1 маусым баларды қорғау күніне орай нысаналы 20% трансферт есебінен Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан 55 балаға спорттық киімдер мен спорттық аяқ киімдер берілді. Мектепке жол акциясымен нысаналы 20% трансферт есебінен 72 балаға спорттық киімдер мен мектеп сөмкелері, аудандық маслихат депуттарының есебінен 60 балаға мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал жабдықтары берілді. Бірінші мамыр бастауыш партия ұйымына қарасы жеке кәсіпкер 30 балаға ақшалай қаржы берілді.
Ленгір бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларға бір реттік көмек ретінде азық түліктер берілді.
Жаңа жыл мерекесіне орай Қоғалы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 30 балаға 20% трансферт есебінен жаңа жылдық тәттілер жинтығы берілді.
Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан 55 балаға жаңа жылдық тәттілер мен спорттық аяқ киімдер берілді.

«Кедергізіс келешек» партиялық жобасы аясында 20% трансферт есебінен Аудандық орталық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Дойбы» ойынынан турнир өткізілді.
Ленгір қалалық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мүмкінді шектеулі балаға массаждық аппарат пен артапедиялық төсек орындары берілді.
Тасарық бастауыш партиялық ұйымның ұйымдастыруымен ​»Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан 135 балаларға Жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық тәттілер жиынтығы берілді.​
Ауданда партия филиалы “Halyk bankімен” бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оқу семинарларын өткізді. Нәтижесінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Төлеби ауданында жоспар 722 адам болса, оқытылғаны 766 адам. 106 пайыз.
Қолға алынған жұмыстардың барлығы дерлік «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, оған фракция депутаттарының да қолдау көрсетіп, атсалысқанын айта кеткен жөн.
Жалпы былтыр атқарылған жұмыстар аз емес, алда атқарылар жұмыстар одан да көп деуге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның гүлденуіне әрімен қарай үлес қосамыз деп сенеміз.

«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Қансеитов.