🔊Алатау ауылдық округ тұрғындарымен кездесу
🔷Бүгін аудандағы қоғам белсенділерінің қатысуымен Алатау ауылдық округ тұрғындары және ауылдық клуб ұжымымен елімізде атом электр станциясын салу бойынша кездесу өтті.
🔶Кездесу барысында қоғам белсендісі Т.Әміралиев округ тұрғындарына референдум өткізудегі мақсат, энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздігі туралы айтып берді. Сонымен қатар ол өз сөзінде елімізде энергия жетіспеушілігі жылдан-жылға өзекті болып келе жатқанын, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел мен судан өндірілетінін тілге тиек етті.
🔷Келесі болып сөз алған аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев: біздегі энергетикалық инфрақұрылым күн санап ескіріп жатқанын, жылдан-жылға энергия тапшылығы орын алып отырғанын, бұл тұрғындар қажеттілігімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға да үлкен кедергі болатынын, атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып өтті.
📌Сонымен қатар, ауыл тұрғындары да АЭС-тің артықшылықтары жайында сөз қозғап, референдумдағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екендігін жеткізді. Өз кезегінде мәдениет саласы қызметкерлері мен тұрғындар сауалдарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.