АЛАТАУ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫН МЕРЗІМІНЕН КЕШІКТІРМЕЙ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

✔️ Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ленгір қаласы тұрғындарының қатысуымен өзекті мәселені талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, күн тәртібінде «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станциясының құрылысының барысы қаралды.

🔹 Мердігер мекеме «Алматы мәдени тұрмыс құрылыс» АҚ өкілдері 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

📌 Қаңтар айында өткен дәл осы тақырыптағы жиында тұрғындар жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын қосалқы станцияға қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, мәселе кеңінен талқыланып, қосалқы станциясының құрылысын аяқтау мерзімі 2025 жылдың 31 мамырға дейін деп көрсетілген болатын. Алайда, қосалқы станция құрылысы әлі күнге толық аяқталмай, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге жол берілуде.

📌 Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді ретке келтіре отырып, ақауларды жойып, қосалқы станцияны 31 мамырға дейін аяқтауды қатаң ескертті.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі