Бүгін Көксәйек елді мекеніндегі «Жеңіс» өндірістік кооперативінің ұжымы және ауыл қарияларымен елімізде АЭС салу бойынша кездесу өтті. Ондағы мақсат — 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, болашақтағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақыру.
Жиында сөз алған эксперт-маман С.Юнусов АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу екендігін, себебі алдағы 10-15 жылда елімізде электр қуатының жетіспеушілігі бірнеше есеге артуы мүмкін екенін жеткізді. Осыған байланысты ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін АЭС салуды ұсынып отырғанын айтты.
Ауыл қариясы А.Сүгірәлиев энергия тапшылығын шешуді бүгін қолға алмасақ, болашақта энергетика саласында аса күрделі проблемаларға тап болатынымызды, АЭС салудың тиімділігі мен артықшылықтары және халық арасындағы «АЭС салу қауіпті» деген жансақ пікір екенін, АЭС салынатын болса, ол ең соңғы озық үлгідегі технологияға негізделіп салынатындығын түсіндірді.
АЭС жобасы жаңа жұмыс орындарын ашу, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуына, электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін жеткізді.
«Жеңіс» өндірістік кооперативі қызметкерлерінің тарапынан АЭС салуға байланысты қойылған сұрақтарына жауап берілді