Құрметті тұрғындар! Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!⚠️
Соңғы уақытта жеке және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан беті ашық жатқан кәріз құдықтары мен септиктерге байланысты қауіпсіздік мәселелері жиі кездесуде. Бұл – әсіресе балалар үшін өте қауіпті жағдай.
👶 Бала – бейқам. Біз – жауаптымыз!
Кішкентай балалар байқамай ашық жатқан құдықтарға немесе септик шұңқырларына түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы ықтимал.
Сондықтан:
✅ Үй маңындағы барлық кәріз және септик құдықтарының қақпақтары мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз
✅ Қақпағы жоқ немесе зақымдалған құдықтарды дереу тұрғын үй коммуналдық қызметіне немесе жергілікті әкімдікке хабарлаңыз
✅ Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, олардың ашық шұңқырлар мен белгісіз нысандарға жақындауына жол бермеңіз
✅ Көрші-қолаңды да сақтық шараларын күшейтуге шақырыңыз
📢 Бұл ақпаратпен бөлісіп, басқа тұрғындарды да құлағдар етуді ұмытпаңыз. Бірге әрекет етіп, балаларымыздың өмірін аман сақтайық!
📞 Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
#АбайлаңызСептик
#БалалардыңҚауіпсіздігі