Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың жеке құрам бойынша №419 бұйрығына сәйкес Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Шанбаев Медетхан Керімханұлы тағайындалды. Ол бұрын осы бөлімнің бас маманы лауазымында жұмыс атқарған.
Жаңа басшыны жеке құрамға Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ержанов Аскат Амангельдиеч таныстырды. Сондай-ақ Асхат Амангельдиевич Медетхан Керімханұлын жаңа лаузымымен құттықтап, аудан тұрығындары мен қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстарды жандандыруды атап өтіп, табыс тіледі. Сонымен қатар ол Төлеби ауданы Ленгір қаласында салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бөлімі ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.