Колледжді ағымдағы жөндеуден өткізу күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе
Леңгір қаласындағы № 8 колледжде доп додасын қыздыратын су жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Оңтүстіктің білім саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен, басшылық қызметтерді абыроймен атқарған ардагер ұстаз Нышан Байғұт пен Ұлы Отан соғысының ардагері Қыстаубай ақсақал батасын берді. Бұл күні WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі «DalaSkills», «Jas Skills», «Abilympics» республикалық чемпионатына қатысатын мамандықтардың көрмесі көрсетіліп, көз сүйсінді, көңіл қуанды. Қуанышқа ортақтасып келген аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қол өнер шеберлері әзірлеген бұйымдарды тамашалады. Сөз кезегі тигенде «Amanat» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты ретінде Нұрсұлу Қалиеваның басшылығымен жетістіктері мол колледжді ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлдіруге нәтижелі қадам жасалып жатқанын айтып талайдан бергі жанайқай жаңғырық күйі қалмай жақсы жаңлыққа ұластыруға күш салатынымды айттым.
