Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін насихаттап, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдері мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық «NOMADS CUP» ұлттық ойындары өтті. Сайысқа облысымыздың 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Төлеби ауданы жастары 1 орын иегері атанды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев жеңімпаз атанған Төлеби ауданының жастарын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі