«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» — ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің ерікті жастары қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстарды жүргізіп, қарияларға құрмет жұмыстарын жалғастырды.

Бұл жолы ерікті жастар Көксәйек елді мекенінің тұрғыны балалық шағы Ұлы отан соғысы жылдарына тап келген “ Тыл еңбеккері” Жолшыбеков Нұрсейіт ақсақалдың ауласында көктемгі дала жұмыстарына көмектесіп қайтты.

Болашақ ұрпақтың қамы үшін тер төккен қарияның жүрегіне жылулық сыйлап, ауыр еңбекпен көз ашқан атамыздың балалық шағының қалай өткенін студенттер өз аузынан естіп қайтты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі