ҚР Мемлекеттік қызметтік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді.

Өркен Байділханұлын әкімдіктің конференц залында мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, мемлекеттік қызмет Заңы және Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізді. Жиынды аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ашып, жүргізіп отырды. Өркен Байділханұлы кездесу барысында агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы және жаңа редакциядағы Әдеп Кодексін түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейтінін айтты. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиістігін айтты. Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттарын қатаң ұстанып, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмай, ісіне адал мемлекеттік қызметшілерді бағалап, олардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі