Төлеби аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы кезектен 9 сессиясының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан әкімнің орынбасарлары қатысып отырды.
Жиын басталмас бұрын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, мемлекетіміздің кемелденуі жолында игілікті еңбектерінің нәтижесінде биік абырой мен беделге ие болып, ел игілігі жолында қызмет еткен бірқатар азаматтарға Төлеби ауданының «Құрмет Грамотасы» табыс етілді.
Сессияда 2024-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеті қаралды. Сондай-ақ, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бекітілді. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы №50/275-VII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізілді.