Бүгін, Төлеби ауданы Зертас елді мекенінде Шомшақты жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, шомшақтықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
Білім ошағының алғашқы ғимараты 1989 жылы шаруашылық тәсілмен салынған болса, кейіннен бірнеше рет қайта қайта жөндеуден өткен. Бұған қоса, екінші оқу ғимараты 2008 жылы жеке демеуші қаржысына салынды. Шомшақты жалпы орта мектебінің бір қабатты жапсарлас екі оқу ғимаратының уақыт ағымымен әбден тозығы жетіп, балаларға қажетті сынып бөлмелері мен пән кабинеттері жеткіліксіз болуына байланысты, ауыл тұрғындарының ұсынысымен, әкімдіктің қолдауымен жобалау – сметалық құжаттары әзірленіп, қайта құрылысы жүргізілді.
Шомшақты жалпы орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт залы және әкімшілік бөлмелердің құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 870 млн теңге қаржы бөлініп, 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер: «УМИРЗАК» ЖШС-нің еселі еңбегінің нәтижесінде жобада көрсетілген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілуде.
Шомшақты жалпы орта мектебінде 220 оқушы екі ауысымда білім алады.
— Ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Мемлекет тарапынан білім саласына баса назар аударылуда. Білім ошағының ғимараты талапқа сай, барлық әдістемелік, пәндік кабинеттерімен жабдықталған. Сондықтан, осы мектепте білім алатын оқушылар арасында озық ойлы, тәрбиелі, білім қуған ғалым ағалары секілді жастар тәрбиеленіп шығады деп сенемін, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.
Салтанатты жиында білім ошағының ашылуына орай, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, білімді шәкірт тәрбиелене берсін деп ізгі тілегін жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі