Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысына көңіл бөліп, мердігер мекеме өкіліне жолықты. Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС.
Аудан басшысы техникалық және авторлық қадағалаушы мекеме басшыларына аудан жастарын спортқа баулып, дене шынықтыруға шақыруға арналған ғимараттың құрылысына қатысты сұрақтар қойды. Спорт кешенінің құрылысына жауапты тұлғаларға жобаға мұқият болуды ескертті.
Мердігер мекемеге құрылыс жұмысын жүргізу үшін қажетті қаражаттар дер кезінде аударылып, тиісті көмектер көрсетіліп, қолдаулар беріліп жатқанын айтып, олар тек халық игілігі үшін жасалатын жұмыстарды уақытынан кешіктірмей және сапалы орындалуын тапсырды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызмет