Бельгия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен жиналған БАҚ басшылары мен журналистер Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызына “Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін” марапатын тапсырды. Нәзия: “Бұл үлкен мәртебе, орасан зор жауапкершілік. Басты мақсатымыз — түбі бір түркіге қалтқысыз қызмет ету” дейді.

Аталған марапат «Түркітілдес журналистер қоры”ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2023 жылдың 2-4 желтоқсанында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде табысталды.

Аталған шараға Қазақстанның барлық облыс, аудандарымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерландтан түркітілдес БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

Медиа форумның бағдарламасы: 2 желтоқсанда қатысушылар Алматыға жиналып, қонақүйге орналасады, Алматының тарихи-көркем жерлеріне пресс тур,
3 желтоқсанда «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өтті. Сонымен қатар қаржы тақырыбындағы «Еркін сөз»-2023 байқауы мен «Әлеумет – қоғам айнасы»-2023 байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы 2024 жылы Түркітілдес журналистер қорының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында болады.

#wfpa #дшба #worldforeignpressassociatian #түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #шеврон #chevron