Нысанбек ауылының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны, жерлесіміз, “Төлеби таңы” газетінің белсенді авторы және оқырманы Сәттар Үсенбекұлының кітабы жарық көрді.
Бұл кітапта Төлеби ауданының тарихы мен онда туып-өскен азаматтардың өмірі, елді мекендердің тыныс-тіршілігі қызықты суреттелген. Автордың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен сағынышын аңғарамыз.